Сауд Арабиясында мешітті жарған лаңкестің «ИМ» содырларына қатысы бар

ӘБУ-ДАБИ. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясының шығысындағы Катиф уезінде орналасқан мешітті жарған лаңкес Корольдіктің қауіпсіздік органдары «Ислам мемлекеті» ұйымына қатысы бар деген күдікпен іздестірген Салех ибн Абдель Рахман Салех аль-Кашами болуы мүмкін. Бұл туралы Сауд Арабиясы ІІМ-нің ресми өкілі генерал Мансур Ат-Турки хабарлады.

Сауд Арабиясында мешітті жарған лаңкестің «ИМ» содырларына қатысы бар

Криминалдық сараптама бойынша, жарылғыш зат құрамында «гексоген» материалы анықталды.

Жұма күні Сауд Арабиясының шығысындағы шиғалар мешітінде лаңкес жарылғыш затын іске қосып, 19 адам қаза тапты. Араб әлеміндегі сарапшылар бұл оқиға сүнниттер мен шиғалар арасындағы дінаралық қақтығысты өршіте түскенін айтты. Ирак, Сирия және Йемендегі оқиғаны есепке алғанда жағдай ушыға түсті. Сауд Арабиясының ғұламалар жоғарғы кеңесі қылмысты сынға алды. «Бұл лаңкестік әрекет ислам және адам құндылықтарына қайшы. Бұл Корольдік тұрғындары арасындағы дінаралық қақтығысты өршіту үшін жасалған іс», - деді Кеңес спикері Абдулла бин Мұхаммед бин Ибраһим Аль әл-Шейх.