Сауд Арабиясында мұғалім алты әріптесіне оқ атқан
АСТАНА. ҚазАқпарат - Джазан Сауд провинциясында мұғалім Калашников автоматымен жергілікті білім беру департаментіне шабуыл жасаған. Атыс салдарынан алты мұғалім қаза тапты.
«Ол қолындағы қарумен ғимаратқа кіріп, әріптестеріне оқ ата бастады. Шабуыл салдарынан алты адам мерт болды, тағы төртеуі жарақаттанды», - деп хабарлады САК ІІМ баспасөз хатшысы генерал Мансур ат-Турки.
Сауд БАҚ-тары бұл қылмысқа дінтану пәнінің мұғалімі Абдулла Джабер Асад барғанын хабарлады. Өзге ақпарат көздері шабуылшы ғимарат қызметкері болмағанын айтты.
А.Асадтың жарақаттанған әріптестері ауыр халде Дайер госпиталіне жеткізілді.
Мұндай атыстар Корольдікте сирек кездеседі. Сауд Арабиясы «ДАИШ» (ИГ) лаңкестік тобының шабуылдарына тап болды.
Сауд Арабиясы көршілес Йеменге әуеден және жерде соққы жасап жатқан елдер коалициясын басқарады. Оқыс оқиға орын алған Джазан қаласы Корольдіктің Йеменмен оңтүстіктегі шекарасында орналасқан.