07:53, 25 Желтоқсан 2017 | GMT +5
Сауд Арабиясында пара алған күдіктілер босатылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясы билігі соңғы бірнеше күнде бұрын сыбайлас жемқорлыққа күдікті болған 20-дан адамды қамаудан шығарды, деп хабарлайды ТАСС The Wall Street Journal басылымына сілтеме жасап.

Басылым берген мәліметтеріне қарағанда, соңғы аптада босатылғандардың арасында беделді тұлғалар, соның ішінде бұрынғы қаржы министрі, Сауд Арабиясының мемлекеттік мұнай компаниясы Saudi Aramco басшылығы мүшелерінің бірі Ибрагим Абдел Азиз әл-Ассаф, ханзада Турки бен Халид те бар. Жуырда сыбайлас жемқорлық бойынша сот талқылаулары басталады.
Еске сала кетсек , 5 қарашада Сауд Аравиясында басқарушы билікте отырған отбасыларының 11 ханзадасы сыбайлас жемқорлық жасады деген айып тағылып қамауға алынған болатын.