Сауд Арабиясында табысы төмен азаматтарға өтемақы төленбек

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясы үкіметі шілде айынан бастап табысы төмен және орташа адамдарға олардың қаржылық жағдайын жақсарту мақсатында қаржылай өтемақы төлейтін болады, деп мәлімдеді Блумберг агенттігіне Сауд Арабиясы экономика және жоспарлау министрінің орынбасары Мухаммед ат-Тувижри.
None
None

Оның айтуынша, 11 миллионнан астам адам қаржылық көмек сұрап өтініш білдірген, алайда үкімет олардың қаншасы өтемақы алуға құқылы екендігін саралап жатыр.

«Бізге басшылық ететін мұрагер ханзаданың орынбасары Мухаммед бен Салманның нұсқауына сәйкес, мүмкіндікке орай барынша көп адамға көмек көрсетуге тырысамыз», - деді ат-Тувижри.

Соңғы жаңалықтар