Сауд Арабиясында тұңғыш рет британиялық Елші ислам дінін қабылдады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлыбритания елшісі Саймон Коллиз ислам дінін қабылдаған және қажылық жасаған Сауд Арабиясындағы алғашқы жоғары лауазымды британиялық дипломат атанды, деп жазды Daily Mail-ға сілтемемен e-islam.kz.
Коллиз хабарлағандай, ол мұсылмандар арасында 30 жыл тұрғандықтан, ислам дінін қабылдау туралы шешімге келген.
Басылым ақпаратынша, Сауд королі атындағы Университет (King Saud University) қызметкері Фозия Альбакр (Fawziah Albakr) Twitter-дегі өзінің парақшасына британиялық елшінің қажылық кезінде сириялық әйелі Худамен түскен суретін жариялады.
Басылым "Сауд Арабиясындағы британиялық елші ислам дінін қабылдағаннан кейін алғашқы қажылығын жасады: Саймон Коллиз өзінің әйелі Худамен Меккеде", - деген фотоның астына жазылған сөздерді жариялаған. Британиялық дипломат жарияланымға алғыс айтқаны хабарланды.
Коллиз мәлім еткендей, ол жаңа дінді Худаға үйленер алдында қабылдаған, алайда мұны көп адам білмеген.