Сауд Арабиясында ұсталған 11 ханзада «хан сарайында» қамауда отыр
The New York Times газетінің хабарлауынша, одан корольдіктің беделді тұлғалары салтанатты «Ритц Карлтон» қонақүйінің кең сарайында кілем оранып ұйықтап жатқаны көрінеді.
Қонақүйдің веб-сайты дүйсенбі күні «Күтпеген жағдайларға байланысты қонақүйдің интернет және телефон желілері уақытша үзілді» деп жазды.
Еске сала кетейік, 4 қарашада Сауд Арабиясының королі шығарған жарлықпен басқарушы билікте отырған отбасылардың 11 ханзадасы қамауға алынған болатын.
Ханзада Мухаммед бен Салман басқаратын Сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі комитет сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар жоғары билікте отырғандарды тұтқындау, шоттары мен активтерін бұғаттау, оларды тергеп-тексеру жұмыстарын бастап кетті. Күдіктілер арасында король Салманның жиені, миллиардер әл-Валид ибн Тәләл ханзада да бар.