Сауд Арабиясында жаппай төбелестің салдарынан 39 пәкістандық жараланды
АСТАНА. 7 қыркүйек. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясының астанасы - Эр-Риядта болған африкандықтар мен пәкістандықтар арасында болған жаппай төбелестің салдарынан 39 пәкістандық жараланды, деп хабарлады Росбалт.
MIGnews.com сайтының хабарлауынша, африкандықтар университет құрылысында жұмыс жасап жатқан пәкістандық жұмысшылар тобына оқ атқан. Қазіргі кезде барлық зардап шеккендер ауруханаға жатқызылды.
Сауд полициясы пәкістандық дипломаттарды «қылмыскерлер заңмен жазаланады» және «пәкістандықтардың өміріне қауіп жоқ» деп сендірді.