Сауд Арабиясында жол апатынан қажылыққа бара жатқан 19 Мысыр азаматы қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясында жол апатынан қажылыққа бара жатқан 19 Мысыр азаматы қаза тапты. Сонымен бірге 25 адам жарақат алған, деп хабарлайды Мысыр СІМ-не сілтеме жасап ТАСС.

Сауд Арабиясында жол апатынан қажылыққа бара жатқан 19 Мысыр азаматы қаза тапты

Сыртқы саясат ведомствосының айтуынша, 44 адам мінген автобус Мекке мен Медина қалаларының арасындағы тас жолда аударылып қалған. Зардап шеккендердің барлығы ауруханаға жеткізілді.

Мысырлықтар кіші қажылық (умра) өтеп жүрген еді.