Сауд Арабиясындағы әйелдер алғаш рет сайлауға қатысуда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясында бүгін муниципалдық сайлау өтіп жатыр, оған ел тарихында алғаш рет әйелдер қатысуда.

Сауд Арабиясындағы әйелдер алғаш рет сайлауға қатысуда

Әйелдерге өз кандидатураларын ұсынуға да рұқсат берілді, деп хабарлады Би-Би-Си.

5938 ер адамдармен бірге 978 әйел кандидат ретінде тіркелді.

130 мыңға жуық әйел сайлау учаскесіне келуді жоспарлап отыр. Дауыс беру үшін 1,35 млн ер адам тіркелді.

Сайлау Сауд Арабиясында сирек өтетін үдеріс. 1965 жылдан 2005 жылға дейін мұнда сайлау өтпеген.

Қазір көз жұмған король Абдалла 2011 жылы әйелдердің сайлауға қатысуы туралы шешім қабылдаған болатын.