Сауд Арабиясындағы қажылық кезінде жеке меншік сектордың табысы 28 млрд доллардан асады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясындағы қажылық кезінде жеке меншік сектордың табысы 28 млрд доллардан асады. Бұл туралы Мекке муниципалитетінің басшысы Усама аль-Бар мәлім етті, деп хабарлады "Аль-Арабия" телеарнасы.

Сауд Арабиясындағы қажылық кезінде  жеке меншік сектордың табысы 28 млрд доллардан асады

Оның айтуынша, қажылық кезінде жеке меншік сектордың табысы 60 млрд сауд риалын құрамақ,  бұл шамамен 17 млрд доллар. Бірақ, деп атап өтті аль-Бар, егер осы сомаға көлік, қажетті тауарлар мен азық-түлікті жеткізу және тарату шаралары қосқанда жеке кәсіпкерлердің жалпы табысы 100 млрд риалдан асады ($28 млрд).

Сауд Арабиясының қажылық жөніндегі орталық комитетінің деректері бойынша, ағымдағы жылы 1,5 миллионға жуық адам қажылық парызын өтейді, деп хабарлайды ТАСС.