Сауд Арабиясындағы мейрамханада 150 адам тамақтан уланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясындағы мейрамханаға барған адамдардың кемінде 150-і тамақтан уланды, деп хабарлады сейсенбі күні жергілікті БАҚ. Ал "Сабк" араб газетінің жазуынша, зардап шеккендер саны 175 адамға жеткен.
Оқиға елдің оңтүстік-батысында орналасқан Тураба қаласында орын алды. Басылымның жазуынша, зардап шегушілердің барлығы қаланың бірінде орналасқан мейрамханадан тамақтанған. Әсіресе, шаурмадан улануы мүмкін.
Зардап шегушілердің жартысы медициналық мекемелерге тексерістен өтуге жіберілді.