05:26, 19 Қараша 2012 | GMT +5
Сауд Арабиясының 87 жастағы патшасына жасалған операция сәтті өтті
АСТАНА. 19 қараша. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясының 87 жастағы королі Абдуллаға Эр-Рияд клиникаларының бірінде жасалған операция сәтті өтті.
Бұл туралы Би-би-си хабарлады.
Ота жексенбі күні таңертең аяқталды, ол корольдің арқасының жоғарғы бөлігіндегі сіңірлеріне жасалды.
Бұл соңғы екі жылда патша Абдуллаға жасалған төртінші ота.