07:41, 07 Қазан 2013 | GMT +5
Сауд Арабиясының билігі әйелдердің адвокат болуларына рұқсат берді
АСТАНА. 7 қазан. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясында әйелдерге тарихта алғаш рет адвокат болып қызмет істеуге рұқсат берілді.

Осы елдегі нәзік жандардың бірі ғаламторда адвокаттық лицензиясы көрсетілген суретті жариялап та үлгерді.
Осы кезге дейін Сауд Арабиясында әйелдерге тек заңды кеңесші ретінде ғана жұмыс істеуге рұқсат етілген еді, бұрын олар өз клиенттерінің мүдделерін сотта қорғай алмайтын.