Сауд Арабиясының билігі зиярат етушілерге Құранның 2 млн. көшірмесін таратады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Биылғы жылы Сауд Арабиясында қажылық парызын өтеген зиярат етушілерге екі миллион құран көшірмесі таратылады. Бұл туралы ТАСС осы елдің ислам істері министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.
None
None

«Министрлік биыл қасиетті кітаптың екі миллионға тарта көшірмесін таратады», - деп хабарлады ескерткіш сыйлықтар беру комитетінің басшысы шейх Таләл бен Ахмед әл-Акил. Оның айтуынша, Құранның көшірмесі Жидда маңындағы король Абдель Азиз атындағы халықаралық әуежайда, осы қаланың теңіз гаванында, сондай-ақ елдің бірқатар аудандарындағы құрлықтағы бірнеше шекара өткелінде таратылады.

Жалпы алғанда корольдіктің барлық аумағында 50 сыйлық беру пункттері ұйымдастырылған. Онымен 1 мыңнан аса адам айналысады. Олардың мақсаты қажылығын өтеп, елден кетіп бара жатқан бірде-бір зиярат етуші сыйлықсыз қалмауын бақылау.

Діни ведомствоның мәлімдемесіне сәйкес Құран 13 тілге аударылған, мәтіндерге түсініктер берілген.

Биылғы жылы исламның қасиетті орындарына қажылық кезінде екі қайғылы оқиға орны алды - 11 қыркүйекте Меккеде әл-Харам мешітінде мұнаралы кран құлап, 111 адам қаза болды, ал 24 қыркүйекте Мина жазығында кептеліс салдарынан әртүрлі елден 769 зиярат етуші құрбан болды, тағы 934-і зардап шекті.

Соңғы жаңалықтар