Сауд Арабиясының ғұламасы қардан аққала соғуға тыйым салды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясының танымал ғұламасы Салех әл-Мунаджидтің қардан аққала соғуға тыйым салған пәтуасы Интернеттегі әлеуметтік желілерде қызу талқыға түсті, деп жазады ВВС Gulfnews.com порталына сілтеме жасай отырып.
Аталған елдің кейбір аймақтарында табиғат ерекше құбылып, қар түскен. Осыны пайдаланған кейбір адамдар қардан аққала, адамдардың, хайуандардың формасын жасаған. Ғұлама өз пәтуасында оны исламға қарсы деп тауыпты.