08:24, 04 Маусым 2013 | GMT +5
Сауд Арабиясының ханзадасы Диснейленде 15 млн.еуроны оңды-солды жұмсады
АСТАНА. 4 маусым. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясының ханзадасы париждік Диснейлендте 15 млн еуроға жуық қаржыны рәсуа етті.

Басқарушы әулеттің жас өкілі диплом алғанын атап өту үшін 22-24 мамыр күндері аттракцион саябағы аумағының басым бөлігін жалға алған.
Париждік Диснейлендке бас-көз болып отырған Euro Disney компаниясының хабарлауынша, осы күндері Сауд ханзадасы Фахд 60 мейманымен бірге сауық құрды.