Сауд Арабиясының ІІМ Меккедегі қайғылы оқиғаның себебін айтты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясының ІІМ Меккедегі қайғылы оқиғаның бірден-бір себебі қатты ыстықтың салдарынан деген болжам айтты.
None
None

Бұндай пікірді елдің ІІМ өкілі генерал Фейсал ат-Турки мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС.

«Қайғылы жағдайдың орын алуының бірден-бір себебі асыққан адамдар бір-бірін итерген, ал қатты ыстық құрбандар санының өсуіне алып келді», - дейді ол.

Сондай-ақ, ведомство өкілі қауіпсіздік қызметі бұндай оқиғаны енді болдырмауға тырысатынын атап өтті.

Айта кетейік, Құрбан айттың бірінші күні қажылық парызын өтеушілер Минада шатырларға орналасқаннан кейін шайтанға тас лақтыру үшін үлкен шайтанға (Ақаба жәмрасына) барады. Осы кезде кептеліс орын алып, салдарынан соңғы мәлімет бойынша 717 адам қаза тауып, 800-ден астам жарақат алған. ҚР СІМ алдын ала болжам бойынша кептеліс салдарынан қаза тапқандар қатарында қазақстандықтар жоқ екендігін хабарлаған болатын.

Соңғы жаңалықтар