Сауд Арабиясының ірі мұнай құбырына пилотсыз ұшу аппараттары шабуыл жасады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясындағы орталық мұнай құбырына пилотсыз авиация шабуылдады. Бұл туралы сейсенбі күні корольдіктің энергетика, өнеркәсіп және минералдық ресурстар министрі Халед аль-Фалех мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Al Mayadeen телеарнасына сілтеме жасап.

Сауд Арабиясының ірі мұнай құбырына пилотсыз ұшу аппараттары шабуыл жасады

«Корольдіктің батысынан шығысына мұнай тасымалдайтын мұнай құбырына мина қойылған пилотсыз ұшақтар шабуылдады. Saudi Aramco ұлттық компаниясы «Шығыс-Батыс» мұнай құбырының жұмысын тоқтатты», - деген министрдің сөзін келтіреді Al Mayadeen телеарнасы.

Халед аль-Фалех бұл істің артында кім тұрғанын нақтылаған жоқ.

Министрдің сөзінше, жергілікті уақытпен 06:00 - 06:30 аралығында пилотсыз басқарылатын аппараттар құбыр желісінің екі сорғы стнасасына шабуылдаған. Бұл арқылы мұнай кен орындарынан корольдіктің шығысындағы Янбу портты қаласына мұнай тасымалданады. Шабуыл салдарынан өрт шығып, №8 станса зақымдалған.