Сауд Арабиясының королі медициналық тексеруден өтеді

ӘБУ-ДАБИ. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясының королі Абдалла бен Абдель Азиз Эр-Рияда қаласындағы ауруханалардың бірінде медициналық тексеруден өтеді, деп хабарлады мемлекеттік БАҚ.

Сауд Арабиясының королі медициналық тексеруден өтеді

«Қос киелінің шырақшысы Абдалла бен Абдель Азиз сәрсенбіде бірқатар медициналық тест тапсыру үшін, Эр-Риядтағы Ұлттық гвардияның медициналық қалашығына жатқызылды», делінген SPA мемлекеттік ақпараттық агенттігі таратқан мәлімдемеде.

Абдалла бен Абдель Ази́з Аль Сауд - 91 жаста, Сауд Арабиясының королі және 2005 жылдан бастап, екі қасиетті қала: Мекке мен Мәдинаның сақтаушысы. Сауд Аарабиясының бірінші королі Абдул-Азиз бен оның сегізінші әйелі Фахданың ұлы.