Сауд Арабиясының королі медициналық тексеруден өту үшін ауруханаға түсті
ЭР-РИЯД. ҚазАқпарат – Сауд Арабиясының королі Салман бин АбдулАзиз әл Сауд медициналық тексеруден өту үшін Джидда қаласындағы король Фейсал атындағы ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі корольдіктің ресми ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
«Екі қасиетті мешіттің қамқоршысы, король Салман осы сенбіде, хижраның 1443 жылғы 6 шәууәлінде, 2022 жылы 7 мамырда Джиддадағы король Фейсал атындағы мамандандырылған ауруханаға бірнеше медициналық тексеруден өту үшін ауруханаға түсті», - делінген король сарайының мәлімдемесінде.
Монарх осы жылдың наурызында сол ауруханада медициналық тексеруден өткен еді, онда ол кардиостимулятордағы батареяларды да ауыстырды.
Король Салман таққа 2015 жылы өзінің ағасы патша Абдалла қайтыс болғаннан кейін отырды.
Таққа отырғанға дейін ол 48 жыл бойы Эр-Рияд провинциясының губернаторы болды, содан кейін бірнеше жыл қорғаныс министрі қызметін атқарды.