01:11, 04 Желтоқсан 2016 | GMT +5
Сауд Арабиясының Королі Парсы шығанағы елдері бойынша турнені бастады
ӘБУ-ДАБИ. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясының Королі Салман ибн Абдул Азиз Аль Сауд Парсы шығанағының араб мемлекеттері бойынша ресми турнені бастады.

Сенбі күні саудиялық монархтың лайнері Әбу-Дабиге келіп қонды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БАӘ басшылығымен кездесулер барысында Сауд Арабиясының әміршісі өңірлік қауіпсіздік, лаңкестікпен және экстремизммен күрес сынды бірқатар маңызды түйіткілдерді талқыламақ.
Король С.Аль Сауд БАӘ-ден кейін Катар, Кувейт және Бахрейнге баруды жоспарлайды. Ал Манамада оның Парсы шығанағының араб елдері ынтымақтастығы кеңесінің 37-інші саммитіне қатысуы күтілуде.