Сауд Арабиясының королі Ұлттық гвардияға Йеменге баруды бұйырды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясының королі Салман ибн Абдель Азиз Әл Сауд елдің Ұлттық гвардиясына Йемендегі "Буря решимости" әскери операциясына қатысуды бұйырды, деп хабарлады Sky News Arabia телеарнасы.
Ұлттық гвардия міндеті - ел шекарасын қорғау, түрлі мекемелер мен кәсіпорындардың қауіпсіздігін қолдау. Оның құрамына түрлі бөлімшелер, жаяу әскер, авиация, ӘҚҚ кіреді.