Сауд Арабиясының Короліне операция жасалады
АСТАНА. 12 қазан. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясының Королі Абдалла ибн Абдель Азиз Аль Саудқа алдағы күндері арқасының ауруына байланысты хирургиялық операция жасайды.
Бұл туралы Король сарайының ресми мәлімдемесіне сілтеме жасай отырып Утро.ру агенттігі хабарлайды.
87 жастағы ел билеушісіне операция Эр-Риядта жасалады. Өткен жылғы қараша айының соңында АҚШ-та оның омыртқасына операция жасалған еді. Ол кейін емдеу курсынан өткен. Желтоқсан айында оның омыртқа жотасы жұмысын тұрақтандыру үшін оған тағы бір операция жасалған болатын.