Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы Сұлтан қайтыс болды
АСТАНА. 22 қазан. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясындағы хан әулетінің мүшесі, корольдіктің негізін қалаушы адамның ұлы және мұрагер ханзада Сұлтан бен Абдель Азиз Әл Сауд 86 жасында АҚШ-та қайтыс болды.
Сауд Арабиясы үкіметінде ханзада қорғаныс және авиация министрлігін басқарып, Корольдіктің бас инспекторы және министрлер кеңесі төрағасының орынбасары болған, деп хабарлайды Би-Би-Си.
Хабарланып отырғандай, Сұлтан Абдул-Азиз АҚШ-қа медициналық тексеруден өту үшін келген.