Сауд Арабиясының соты шарап дайындаған зейнеткерді қамшымен 350 рет сабау жазасына кесті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясының соты үй жағдайында шарап жасаған 74 жастағы британдық зейнеткер Карл Андрені қамшымен 350 рет сабау жазасына кесті, деп жазады британдық The Daily Mail газеті.
Ағылшын азаматы 2014 жылдың қаңтар айынан бері Жидда қаласының түрмесінде отыр. Зейнеткердің отбасы британдық премьер-министр Дэвид Кэмеронға оның бұл жағдайға жеке араласып, Андренің үйіне оралуына көмектесу өтінішін білдірген.
Сауд Арабиясы зейнеткердің көлігінен шарап бөтелкелерін тапқан. Бұл елде алкогольді ішу ауыр қылмыс болып есептеледі.