Сауд Арабиясының тағына жетінші король Салман ибн Абдул-Әзиз Әл Сауд отырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Салман ибн Абдул Әзиз Әл Сауд жұма күніне қараған түнде 91 жасқа қараған шағында король Абдалла дүниеден өткеннен кейін Сауд Арабиясының тағына отырды, деп хабарлады РИА Новости осы елдің мемлекеттік телевидениесіне сілтеме жасап.

Сауд Арабиясының тағына жетінші король Салман ибн Абдул-Әзиз Әл Сауд отырды

Таққа отырған Салман ибн Абдул Әзиз әл-Сауд 1935 жылы 31 желтоқсанда дүниеге келген. Ол 2012 жылы 18 маусымда Абдалланың қайтыс болған екі тақ мұрагерін ауыстырып, мұрагер ханзада болды. Оның соңғы қызметі - Сауд Арабиясының қорғаныс министрі. Оның ұлы Сұлтан - әскери ұшқыш, алғашқы араб астронавты.