Сауд Арабиясының тақ мұрагері ауысты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясының королі Сальман тақ мұрагерін ауыстырды, енді Мухаммед бен Наифтың орнына 31 жастағы өзінің ұлы Мухаммед бен Сальман болады. Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.
Бұдан бөлек, Мухаммед бен Наиф ІІМ басшысы лауазымынан айырылды. Бұл қызметке ханзада Абдул-Азиз бен Сауд бен Наиф тағайындалды.
Мухаммед бен Наиф 2015 жылы көктемде Сальман корольдік таққа отырғанда, тақ мұрагері болған еді. Ол кезде корольдің ұлы, қорғаныс министрі Мухаммед бен Сальман тақ мұрагерінің орынбасары титулын алған болатын.