Сауд Арабиясының тұрғыны төрт айда 320 келі салмақ тастапты
АСТАНА. Қазақпарат - Салмағы 610 келі болған Сауд Арабиясының тұрғыны Халед Мухсен аш-Шаири төрт айда 320 келіге арыған.
Джазан қалашығының тұрғыны өздігінше қозғала алмайтын жағдайға жеткесін оның денсаулығын Эр-Риядтегі корол Фахд атындағы Медициналық орталықтың мамандары қолға алыпты.
Арнайы диетаның арқасында аш-Шаири 3 айда 150 келіге арып, төртінші айда асқазанына ота жасалғасын тағы 170 келі салмақ тастаған.
Емдеу барысында оның жағдайын 21 дәрігер мен 15 медбике тәулік бойы бақылаған. Анасы да әрдайым баласының қасында болған.