Сауд Арабиясының жаңа королі Катар, Кувейт және БАӘ басшыларымен келіссөз жүргізді

ӘБУ-ДАБИ. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясының Королі Салман бин Абдель Әзиз Катар мемлекетінің Әмірі шейх Тамим бен Хамад әл-Танимен Эр-Риядта келіссөз жүргізді.

Сауд Арабиясының жаңа королі Катар, Кувейт және БАӘ басшыларымен келіссөз жүргізді

Катар әмірінің сапары Эр-Риядқа Әбу-Дабидің мұрагер ханзадасы шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахайян мен Кувейт Әмірі шейх Сабах әл-Ахмед әл-Джабер ас-Сабах келіп кеткеннен кейін болды.

Король Салман өз сарайында араб делегациясының құрметіне түскі ас берді, сондай-ақ өңірлік жағдайға байланысты екі жақты келіссөздер өткізді.

Екі мешіттің сақтаушысы, Әл Сауд әулетінің басшысы - Сауд Арабиясының монархы Салман бин Абдель Әзиз Әл Сауд ағасы қайтыс болғаннан кейін 2015 жылы 23 ақпанда король болып сайланған.