Сауд Арабстанында әйелдер жұмысқа тұра бастады

АСТАНА.  Тамыздың  4-і. ҚазАқпарат  - Саудия тарихында    әйелдер  алғаш рет  үй қызметшісі  ретінде жұмысқа тұра бастады.      Алғашқы 30   әйел  үйлерде   өз   қызметтеріне  кірісті. 

Сауд Арабстанында  әйелдер жұмысқа    тұра бастады

Кейбіреулер  үшін бұл  көрсеткіш   аз  болып көрінуі мүмкін  әрине,  бірақ   әйелдердің басым көпшілігі   еш жерде   жұмыс істеп  көрмеген,    үйдегі  жұмыстардың  барлығын    Оңтүстік-шығыс Азия елдерінен келетін   жалдамалы   қызметшілер атқаратын    жабық  ислам патшалығы  үшін  бұл  жаңалық  төңкеріспен бірдей  десек, артық  айтқандық емес.

Саудиялық  «Медина»  газетінің  хабарлауынша, жұмыспен   қамтамасыз  етуші  жергілікті   ұйым  әңгімелесуден кейін   20 мен 45   жастың аралығындағы  30 әйелге    жұмысқа  рұқсатнама  беріп  отыр.  Әйелдер   патшалықтағы  үйлерде  атқаратын 8 сағаттық    жұмыстары  үшін   1500   риал (400 АҚШ  доллары)  алатын болады. Елдегі   дәстүрге сәйкес,    әйелдер   жұмыстарына  және  үйлеріне    жұмыс  күштерін    қызметтік  тасымалдаушы   қордың    көлігімен     жеткізілетін болады.

Елде  жүргізілген  сауалнама көрсетіп  отырғандай,     көпшілік   жергілікті  жұмыс күштеріне мүдделі  екендіктерін   білдірген. Олар  үйлеріне  қызметке  және балаларына   бас-көз болуға азиялықтардан гөрі,   өз отандастарын  алуға    ықыластарын  жеткізген. Себебі,  саудиялық   әйелдер жергілікті  салт-дәстүрді  жақсы біледі,  дейді  олар.