Сауд Аравиясы солтүстіктегі шекарасына бақылауды күшейтпек
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сауд Аравиясы ұзындығы 900 шақырым болатын солтүстік өңірдегі шекарасын бекітіп, бақылауға кірісті, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.
Шекараны бақылауды күшейту туралы Сауд Аравиясының королі Абдолла инб Әбдел Әзиз әл-Саудтың жобасы жұма күні таныстырылды. Оның Джидда қаласындағы сарайында өткен таныстырылымға Бахрейн королі, шейх Хамад бен Иса әл-Халифа, Сауд Аравиясының Қорғаныс министрі Сальман ибн Әбдел Әзиз бен корольдік барлаудың басшысы Халид ибн Бандар және Ішкі істер министрі Мухаммед ибн Наиф қатысты.
Ақпарат көзінің хабарлауынша, шекара алты аймаққа бөлінеді. Оның өн бойына орталықтан басқарылып, қимылды бақылайтын құрылғылармен ультракүлгін камералары орнатылады. Сонымен қатар, 32 арнайы бекет ашылады. Қазіргі уақытта 60 маманның басшылығымен 3397 адам шекарада дайындақтан өтіп жатыр. Ел билігінің мұндай шешімге келіп, әрекет етуі Ирак пен Иемендегі шиеленіскен ахуалға байланысты болып отыр. Сонымен қатар, шекараны күшейтудегі тағы бір мақсат - соғыста жүрген саудиялық «Ислам мемлекеті»содырларын елге кіргізбеу және экстермистерге қару жарақ кіріп кетпеуін бақылау.