Сауд Аравиясының билігі әйелдерге стадионға баруға рұқсат етті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сауд Аравиясының билігі әйелдерге келесі жылдан бастап елдің үш стадионында өтетін спорттық шараларға баруға рұқсат етті деп хабарлайды, Би-би-си.

Сауд Аравиясының билігі  әйелдерге стадионға баруға рұқсат етті

2018 жылдың басынан бастап Джидде, Даммаме және Эр-Рияде қалаларындағы стадиондар отбасылық секторлармен жабдықталмақ

Араб әйелдері стадионға тек күйеуімен, ағасымен немесе жеке асыраушысымен баруы тиіс. Оларды басқа жалғыз еркектермен отырғызуға қатаң тыйым салынады.

Еске сала кетейік, Сауд Аравиясы осы жылдың маусым айында әйелдерге көлік жүргізуге рұқсат берген болатын.