Сауд ханзадасы жаңа телеарна ашпақ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясының ханзадасы, миллиардер Әл Валид бин Талаль «Әл-Араб» деп аталатын жаңа телеарна ашқалы отыр, деп хабарлады ВВС.
Телеарна орталығы Бахрейнде орналасып, әлемнің 30 елінде жеке тілшісі қызмет ететін болады.
Ол «Әл-Джазира», «Әл-Араби» секілді араб телеарналарымен бәсекелеспек.
Жаңа телеарна өкілдерінің хабарлауынша, арна нақты бір саяси бағытты ұстанбайды. Олар Таяу Шығыстағы және шет елдердегі жаңалықтарды объективті түрде таратуды мақсат тұтып отыр.