Сауда көлемiнің өсуі ағымдағы жылы - 12, ал 2012-2015 жылдары 8-10 пайызға бағаланады - Қ.Келімбетов

АСТАНА. 10 мамыр. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Сауда көлемiнің өсуі ағымдағы жылы - 12, ал 2012-2015 жылдары 8-10 пайызға бағаланады.

Сауда көлемiнің өсуі ағымдағы жылы - 12, ал 2012-2015 жылдары 8-10 пайызға бағаланады - Қ.Келімбетов

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Экономикалық даму және сауда министрі Қайрат Келімбетов мәлім етті.

Нақты сектордағы өсім ұсынылатын қызметтер көлемiнің ұлғаюына ықпал ететін баса айтқан министр: «Сауда көлемiнің өсуі ағымдағы жылы 12 пайызға және 2012-2015 жылдары 8-10 пайызға бағаланады», - деді.

Сонымен қатар Қ.Келімбетовтің атап өтуінше, өнеркәсіп өндірісі көлемінің нысаналы параметрлер аясында ұлғаюы көлiк қызметiнің жыл сайын 7-8 пайызға арттырылуына себеп болмақ.

«Ақпарат және байланыс қызметтерi жыл сайын 7-9 пайызға өсуi керек», - деді ол.