Сауда қорытындысы бойынша Қытай рыногы 4%-ға құлады
АСТАНА. Маусымның 29-ы. ҚазАқпарат - Қытай қор рыногының негізгі айқындағышы саналатын Shanghai Composite Шанхай биржасының индексі сауда сессиясының қорытындысы бойынша 4,3% құлады, бұл өткен 14 күн ішіндегі ең төменгі белдем, деп хабарлайды РБК.
Сауда сессиясы жабылу алдында Shanghai Composite маңызы өткен жылдың сәуір айынан бергі кезеңдегі ең төменгі 2427,1 орынды құрады. 2010 жылдың басынан бергі өткен уақытта Шанхай биржасы индексінің 20%-ын жоғалтты.
Қытай рыногындағы бүгінгі акциялардың сатылымын талдаушылар екі фактормен түсіндіреді. Біріншісі - америкалық Conference Board ұйымымен құрылатын, Қытайдың экономикалық айқындағышынан озатын индекстер маңызының күткендегіден әлсіз болуы. Ұйым алғашқы мәліметтерге түзету енгізіп, сәуірдегі индексті 0,3% өсті деп жариялады, ал оған дейін индекстің 1,7%-ға өскені туралы хабарланған болатын.
Осы арада, Жапонияның қор алаңындағы сауда да төмендеумен аяқталды. Nikkei 225 Токио биржасының жетекші индексі күн қорытындысы бойынша 1,27% болып, 9570,67 орынға төмендеді.
Шикізат рыногындағы ахуал да инвесторлардың көңілін жайландырып отырған жоқ. Нью-Йорк сауда сессиясының қорытындысы бойынша, мұнай бағасы төмендеп кетуі жапондық мұнай компанияларының бағамын түсіріп жіберді. Жапондық ірі Inpex Corp. мұнай өндіру компаниясы төмендеудің көшбасшысына айналды, оның акциясының рыноктық құны 3,8 %-ға дейін құлап кетті.