Сауда объектілері құрылысына жер беру мәселесі қайта пысықталады

АСТАНА. ҚазАқпарат – Сауда және интеграция министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында ведомство басшысы Серік Жұманғарин сауда объектілерін салуға жер беру мәселесі қайта пысықталатынын айтты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Сауда объектілері құрылысына жер беру мәселесі қайта пысықталады

«Саудадағы негізгі мәселелерді шешу үшін бірқатар тиімді шаралар ұсынылады. Оның ішінде сауда саласына инвестиция тарту, мемлекеттік ынталандыру, сауда объектілерін салу үшін жер учаскелерін беру мәселесі қайта пысықталады. Сонымен қоса, 70 заманауи көкөніс қоймасын салу қажет. 2027 жылға қарай қазіргі сауда форматтарының үлесін 31 пайыздан 70 пайызға дейін жеткізу міндеті қойылды», - деді Серік Жұманғарин.

Министрдің мәлімдеуінше, бұл шаралардан өзге, 2025 жылға қарай электрондық сауданың үлесін бөлшек тауар айналымының 15 пайызына дейін теңестіру жоспарланған.