Сауда орталығында бомба бар деп хабарлаған баласының әзілі үшін ата-анасы 95 мың теңге төлейді

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. 11 мамыр. ҚазАқпарат - Ертіс ауданының сотында кәмелеттік жасқа толмаған баланың ата-анасынан материалдық шығынды өтеп алу жөнінде азаматтық іс қаралды,

Сауда орталығында бомба бар деп хабарлаған баласының әзілі үшін ата-анасы 95 мың теңге төлейді

деп хабарлады мекеменің баспасөз қызметі.

Жеткіншек полицияға Павлодардың сауда орталығында бомба құрылғысы бар екендігін хабарлаған. Ол жерге полиция қызметкерлері, ҰҚКД барды, ғимаратты тексеру операциясына ТЖД-нің күштері тартылды. Жоқ бомбаны іздеуге қаншама уақыт және 95,8 мың теңге мөлшерінде қаражат жұмсалды.

 Сот мемлекет мүддесіне сәйкес лаңкес туралы жалған ақпарат таратқан баланың ата-анасына қатысты прокурордың арызын толығымен қанағаттандырды.

Үкім заңды күшіне енді.