Сауда орталықтар, мейрамханалар мен дәмханалар әзір ашылмайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссия ТЖ кезінде жұмысын бастай алатын ШОБ кәсіпорындарын анықтайды. Бұл туралы ҚазАқпарат Жедел штабқа сілтеме жасап хабарлайды.

Сауда орталықтар, мейрамханалар мен дәмханалар әзір ашылмайды

Бүгін жұмысты қайта бастауға рұқсат берілетін кәсіпорындардың тізімін бекіту үшін Мемлекеттік комиссия отырысы өтеді.

Қызметін қайта қолға алуға рұқсат берілетін Нұр-Сұлтан мен Алматының кәсіпкерлеріне карантин тәртібін сақтауға тура келеді. Қызметкерлер мен келушілердің қауіпсіздігі үшін олар санитарлық-эпидемиологиялық режим талаптарына қатаң бағынуы қажет.

Сонымен қатар, кинотеатрлар, сауда-ойын-сауық орталықтары, клубтар, мейрамханалар мен дәмханалар әзір ашылмайды.