Сауданы дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған бағдарлама жобасы әзірледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сауда саласын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасы әзірледі. Бұл туралы халық алдында есеп беруі барысында Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Сауда және интеграция министрлігі Қазақстан Республикасының саудасын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жобасын әзірледі. Онда белгіленген міндеттер мен сауданы дамыту векторлары бизнеспен және мүдделі тараптармен бірнеше рет талқыланған», - деп мәлімдеді Сұлтанов.

Оның айтуынша, құжатта саланың жұмыс істеуін заңнамалық жетілдіру шаралары, сондай-ақ бизнесті қолдау мен сауда инфрақұрылымын дамыту құралдарының кең тізбесі қамтылған.


Соңғы жаңалықтар