Саудиялық фермер жаңадан туған ботаға Барак Обама деген ат берді

ӘБУДАБИ. Ақпанның 9-ы. ҚазАқпарат - Саудиялық фермер жаңадан туған асыл тұқымды ботаға «Барак Обама» деген ат берді,
None
None
деп жазды сейсенбі күні саудиялық басылымдардың бірі. Мұхаммед ас-Сайари есімді фермер газетке берген сұхбатында, АҚШ-тың жаңа әкімшілігінің араб өңіріне және ислам қоғамдастығына деген жаңа бағытын мәлім еткен Американың қара нәсілді жаңа президентінен үлкен үміт күтетінін айтып отыр. «АҚШ президентінің аттасы менің шаруашылығымдағы ең жүрдек түйе атануы керек және президент Обама мен оның аты беріліп отырған бота үміттерімді ақтайтынына сенемін», дейді саудиялық фермер. Тағы бір айта кететін жайт, арабтарда жергілікті диалектіде «буш» деген сөз де кәдімгі түйенің атауы.
Соңғы жаңалықтар