Саудиялық ғалымдар Рамазанда асты ысырап етпеуге үндеуде

АСТАНА. 3 тамыз. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясының ислам ғалымдары өз уағыздарында Рамазан айында мұсылмандарды асты ысырап етпеуге шақырды. Бұл жайында Muslim.kz хабарлады.

Саудиялық ғалымдар Рамазанда асты ысырап етпеуге үндеуде

«Ауызашардан кейін ас қалдықтарын әдетте қоқысқа тастап жатады. Мұны өз көзіммен көрген соң айтып отырмын», - деді ғалымдардың бірі.

Сондай-ақ, ысырапшылдыққа дінімізде тыйым салынғанын тілге тиек еткен ғалым артылып қалған ас-ауқатты жағдайы төмен, тұрмысы жұпыны адамдарға үлестіріп берудің сауапты іс екенін жеткізді.

«Ысырапшылдық күнә әрі жоқшылықтың зардабын тартқан мұқтаж жандардың басындағы жағдайды түсінуге бастайтын оразаның ғибратын жоққа шығарады», - деді Мұхаммед Зәки есімді ғалым.

«Ас - Алланың нығметі әрі адамның арқауы. Оны ысырап ету Алланың нығметін кері тепкенмен бірдей әрекет», - деді Жидда мешіттерінің бір имамы Ясир Әбу Райян.