Саудиялық студент қыздың ойлап тапқан құрылғысы қазаққа таңсық емес
АСТАНА. 26 ақпан. ҚазАқпарат - Хафар әл-Батин провинциясының студент қызы лазерлік технологияға принципінде автокөлікті тоқтататын құрылғы ойлап тапты. Бұл жайында al-Arabiya хабар таратты.
Егер қоданысқа енгізетін болса, бұл жол сақшылары үшін тиімді құрылғы болатын еді. Құрылғы лазерлік сәуленің электрондық техникаға әсері етуі арқылы жұмыс істейді. Бұл жетістігін Ди Әзіз әз-Зафир есімді студент ұлттық ғылыми инновация олимпиадасында ұсынды. Оның айтуынша, құрылғы электромагниттік сәуле бөлу негізінде жұмыс істейді. Ол өз кезегінде автокөліктің электроникасына әсер етеді. Полиция құрылғыны пайдаланған кезде тәртіп бұзған машина өздігінен тоқтайды, деп жазады muslim.kz сайты.
Ол 200-300 метрқашықтықтан да әсер ете алады. Студенттің сөзіне қарағанда, оның машинаға тигізер жағымсыз әсері болмайды. Оны пайдаланбас бұрын алдымен ережені бұзған жүргізушіге ескерту жасауы тиіс. Жүргізуші полицияның ескертуіне құлақ аспаған жағдайда ғана оны қолдану керектігін алға тартты студент.
Өнертапқыш қыз Сауд Арабиясының ІІМ-нің бұл жаңалыққа бей-жай қарамайтынына және алдағы уақытта әлем нарығына шығарылатынына үміттенеді.
Десек те, бұл жаңалық қазақ үшін таңсық емес. Себебі, елімізге танымал тарихшы, ғалым, профессор Қойшығара Салғараұлының баласы Алмат Салғара осындай технологияда, дәл осындай мақсатта пайдаланылатын «Алаш» жүйесі» деп аталатын құрылғы ойлап тапқан болатын. «Алаш» жүйесі - автокөліктің белгіленген жылдамдық шегінен асуына мүмкіндік бермейтін, жылдамдықты мәжбүрлеп шектейтін, жүргізуші қанша тырысып, темір тұлпарын «тебінсе де» жылдамдықты шектен асыра алмайтын ырықтандырғыш «құдіреті» бар құрылғы», - дейді Алмат Салғара. Өнертапқыштың бұл жетістігі әлемде бірінші екенін де айта кетуіміз керек.