Сәуегей сегізаяққа ескерткіш ашылмақ
АСТАНА. 20 қаңтар. ҚазАқпарат - Көріпкелдік қасиетімен танылып, аты айдай әлемге жайылған сегізаяқ Паульге бүгін оның туған қаласы Оберхаузенде ескерткіш ашылады,
деп хабарлайды «Маяк» радиосы.
Әлемдегі ең танымал моллюкс өткен жылдың қазан айында өліп қалған болатын. Пауль өмір сүрген океанариумның қызметкерлері оған ескерткіш орнатпақ.
Футболдан әлем чемпионаты кезінде әлемге сәуегейлігімен танылған сегізаяқ Паульге кезінде испан азаматтығы да берілген еді. Оған қоса, моллюск Испанияның солтүстік-батысындағы шағын Карбалиньо деген қалашықтың құрметті азаматы атанды.
Паульдің күлін сақтау үшін алтыннан жасалған сауытқа тапсырыс берілген. Сауыт футбол добы түріндегі ескерткіштің ішіне қойылмақ.