Сәуір айында азық-түлік тауарларының бағасы
Бұл туралы ҚазАқпарат Статистика агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Келтірілген мәліметтерге қарағанда, 2010 жылғы сәуірде 2009 жылдың сәуірімен салыстырғанда баға қантқа - 33,8 пайыз, кофе, шай және какаоға - 14 пайыз, кондитерлік өнімдерге - 8,6 пайыз, тоқаш пен ұн өнімдеріне 6,5 пайызға өскен. Бұдан бөлек, алкогольді ішімдіктерге бағаның артуы 6 пайызды құраса, сүт өнімдеріне - 5,5, май және тоң майға 4,6 пайыз деңгейінде қалыптасқан. Керісінше, бағаның төмендеуі ұнға 17,4 пайыз, жармаға - 6,1 пайыз, нанға - 2,8 пайыз, жемістер мен көкөністерге - 1,6 пайыз, макарон өнімдеріне 0,6 пайыз шамасында байқалды.
Сонымен бірге, есепті кезеңде ет және ет өнімдері бағасының өсімі 8,8 пайызды құрады. Шошқа етіне баға деңгейі - 11,3 пайыз, шұжық өнімдеріне - 7,6 пайыз, қой етіне - 4,5 пайыз, жылқы етіне және құс етіне 3 пайыз көрсеткіш бойынша жоғарылаған.