Сәуір айында елдегі ең төменгі өмір сүру көрсеткіші 16 мың 79 теңгені құрады

АСТАНА. 2 мамыр. ҚазАқпарат - «Биылғы жылдың сәуір айында елдегі ең төменгі өмір сүру көрсеткіші 16 мың 079 теңгені құрады»,-деп хабарлайды  Статистика агенттігі.

Сәуір айында елдегі ең төменгі өмір сүру көрсеткіші 16 мың 79 теңгені құрады

Агенттік таратқан мәліметтер бойынша, биылғы жылы тұрғындар ең көп тұтынатын азық-түліктердің пайдаланудың ең төменгі деңгейінің негізінде жасалған  ең төменгі өмір сүру көрсеткіші сәуір айында оның алдындағы аймен салыстырғанда, 0,1 пайызға, ал 2011 жылдың сәуірімен салыстырғанда, 1,7 пайызға артты.

 Халық ең көп тұтынатын азық-түліктерге жұмсалатын шығындардың 23,9 пайызы ет пен балықтың, 16,6 пайызы сүт, май өнімдері мен жұмыртқаның, 9,3 пайызы жеміс-жидек пен көкөністің, 7,9 пайызы нан өнімдері мен жарма өнімдерінің, 2,3 пайызы қант, шәй мен қоспалардың үлесінде.