Сәуір айында еліміздегі күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 17 179 теңгені құрады

АСТАНА. 2 сәуір. ҚазАқпарат - 2013 жылғы сәуірде елімізде күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 17 179 теңгені құрады. Бұл туралы Статистика агенттігінің баспасөз қызметінен хабарланды.
None
None

Агенттік мәліметтеріне қарағанда, ағымдағы жылғы сәуірде негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы өткен аймен салыстырғанда 0,2 пайызға, ал 2012 жылғы сәуірмен салыстырғанда 6,8 пайызға өскен.

«Бұның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 23,5 пайызды, сүт, май және тоң май өнімдері мен жұмыртқаны - 16,3 пайызды, жемістер мен көкөністерді - 10,4 пайызды, нан және жарма өнімдерін - 7,7 пайызды, қант, шай және дәмдеуіштерді - 2,1 пайызды құрады», делінген баспасөз хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар