Сәуір айында еліміздің тұрғын үй нарығында бағаның өзгеруі байқалды

АСТАНА. Мамырдың 11-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ -2010 жылғы сәуір айында еліміздің тұрғын үй нарығында бағаның өзгеруі байқалды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Статистика агенттігінің мәліметтеріне қарағанда, 2010 жылдың сәуірінде өткен аймен салыстырғанда жаңа тұрғын үй мен көркейтілген тұрғын үйлерді сатып алу-сату бағасы 0,1 пайызға, көркейтілген тұрғын үйлерді жалға беру - 0,4 пайызға жоғарылаған. Ал төменгі санаттағы тұрғын үйлерді сатып алу-сату бағасы өзгеріссіз қалды.

Атап айтқанда, сәуір айында жаңа тұрғын үйлерді сату бағасы шаршы метріне 139 мың 663 теңге, көркейтілген тұрғын үйлерді сату шаршы метріне 101 мың 245 теңге, ал одан төменгі санаттағы үйлерді сату шаршы метріне 59 мың 825 теңгені құраған. Көркейтілген тұрғын үйлерді жалға беру бағасы шаршы метріне 817 теңге шамасында белгіленіп отыр.

Соңғы жаңалықтар