Сәуір айында инфлация деңгейі 0,5 пайыз болды - ҚР Ұлттық банкі

Сәуірде азық-түлік тауарларының бағасы 1,0 пайызға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар - 0,2 пайызға өскен. Азық-түлік тауарлары нарығында өткен айда көбінесе жұмыртқа - 3.4 пайызға, қант - 2.1, ет және ет өнімдері - 1.3, кондитерлік бұйымдар - 1.2, нан және жарма өнімдері - 1.1 пайызға, оның ішінде жарма - 3.6 және бидай ұны - 1.3, май және тоң майлар - 1,0 пайызға қымбаттады. Күріш керісінше 0,4 пайызға арзандаған.
Азық-түлікке жатпайтын тауарлар тобында бензин - 0,4, дәрі-дәрмектер және киім мен аяқ киім бағасы - 0,3 пайызға өсті. Дизель отынының бағасы 0,8 пайызға арзандады.
Ақылы қызмет көрсету құрылымында тұрғын үй-коммуналдық саланың қызмет көрсетуі үшін ақы төлеу 0,1 пайызға (суық суға ақының төмендеуі есебінен - 1,2%) арзандаған. Бұл ретте электр энергиясы үшін ақы өзгерген жоқ, ыстық су және орталық жылыту 0.7, кәріз үшін - 0.2 пайызға төмендеді. Амбулаторлық қызмет көрсету 0.3 пайызға қымбаттаған.
«Жалпы жыл басынан бері қаңтар-сәуір айларында инфляция 4,2 пайызды (2010 жылғы қаңтар-сәуірде - 3,6%) құрады. 4 айда инфляция қарқынының жедел дамуына азық-түлік тауарларының қымбаттауы себепші болды, олардың бағасы осы кезеңде 7,1 пайызға (2010 жылғы қаңтар-сәуірде - 4,7%) өсті. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар 1,2 пайыз (1,6%) және ақылы қызмет көрсету - 3,7 пайызға (4,1%) қымбаттады»,- деді Ұлтық банк басшысы.