Сәуір айында инфляция 0,3 пайызды құрады - ҚР Статистика агенттігі

АСТАНА. 13 мамыр. ҚазАқпарат - Биылғы сәуірде инфляция 0,3 пайызды құрады. Бұл туралы ҚР Статистика агенттігінен хабарланды.

Сәуір айында инфляция 0,3 пайызды құрады - ҚР Статистика агенттігі

Таратылған мәліметтерге қарағанда, құрылыс саласында бағалар 0,3 пайызға, көтерме саудада 0,2 пайызға артты, ал өнеркәсіпте 2,3 пайыз, ауыл шаруашылығында 0,5 пайыз деңгейінде төмендеді.

Жүк тасымалына тарифтер 0,2 пайызға өссе, заңды тұлғалар үшін пошта, курьерлік және байланыс қызметтерінің құны өзгеріссіз қалды.