Сәуір айында инфляция 0,9% құрады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020 жылғы сәуірде инфляция 0,9% құрады. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сәуір айында инфляция 0,9% құрады

«Баға ауыл шаруашылығы өніміне 1% өсті, ал өнеркәсіпте - 11%, құрылыста – 1,1% төмендеді. Көліктің барлық түрлерімен жүк тасымалдау тарифтері 1,8% жоғарылады. Ал заңды тұлғаларға көрсетілген почталық, курьерлік және байланыс қызметтеріне тарифтер өзгеріссіз қалды», - делінген комитет ақпаратында.

Еске салайық, бұған дейін тұрғын үй нарығында бағалар қалай өзгергенін жазған болатынбыз.